+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Түркістан облысында із-түзсіз кеткен 13 жасар бала Шымкенттен табылды

2019 жылғы 24 қазан 12:16
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында із-түзсіз кеткен 13 жасар бала Шымкенттен табылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Келес ауданында із-түзсіз жоғалып кеткен 13 жасар бала табылды. Полицейлер Дияр Мұхамедин атты жасөспірімді түнде Шымкент көшелерінің бірінен кездестіріп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда ағалы-інілі екі бала жоғалып кетті Түркістан облысында 13 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті Қостанайда 14 жасар қыз жоғалып кетті

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, баланы табуға Келес аудандық ПБ барлық жеке құрамы жұмылдырылған. Тәртіп сақшылары жеткіншекті шым қалада деп болжап, сол жақтан іздестірген. Сөйтіп кеше кешкісін тауып, анасына табыстады. Қазіргі таңда баланың не себепті үйінен кетіп қалғаны анықталып жатыр.

Айта кетейік, 7-сыныпта оқитын Дияр Мұхамединнің із-түзсіз жоғалып кеткенін айтып, анасы полицияға арызданған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT