Түркістан облысында ірі туристік кешен салынып жатыр

None
None
ОРДАБАСЫ. ҚазАқпарат - Халықаралық «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолы бойында даңқты балуан, күш атасы - Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы ірі туристік кешен салынуда. Жалпы құны 1 млрд. 375 мың теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ қазақ ұлтының қалыптасу кезеңінде үш жүздің басы қосылған Ордабасы тауындағы «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы аумағынан Визит-орталықтың құрылысы басталды.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында іргетасы қаланған «Ордабасы сапар» орталығының жобалық құны 1 млрд. 63 млн. теңге құрап отыр. Басты мақсат – туристерге сапалы қызмет көрсету. Сонымен қатар, ауданда медициналық туризмді дамытуға да ден қоюдамыз», - деді Ордабасы ауданының әкімі Бағлан Батыршаев.

Жалпы ауданда бүгінгі күні ауыл шаруашылығымен айналысушылар қатары да артып келеді. Бір алқаптан екі рет өнім алып жатқан шаруаларда көп. Екі жүзге жуық шаруа қожалық иелері 517 гектар жерге бірінші рет егілген дақылдан 10 мың 379 тонна өнім алса, екінші рет себілген дақылдың өнім көлемі 3 мың 816 тоннаны құраған. Жалпы ауданда 87 гектар жылыжай бар.


Соңғы жаңалықтар