USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Түркістан облысында ірі қара малдың саны артты

2021 жылғы 11 қазан 05:21
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында ірі қара малдың саны артты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында биылғы жылдың 8 айында Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 405,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар

Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 170,2 млрд. теңгені, мал шаруашылығы – 230,8 млрд теңгені құрады.

Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 144,1 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 556,5 мың тонна – сүт, 158,3 млн дана – жұмыртқа өндірілді.

Облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны 3,3% көбейіп, 1,15 млн бас, қой мен ешкі – 5,1 млн бас, жылқы – 385,2 мың бас, түйе – 37,9 мың бас немесе 110,2%.

Жыл асынан бері өңірде 407,7 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді.

2021 жылдың қаңтар-тамыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері көш ілгері.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 44,2% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 180 млрд теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 46,0%) өнімінің нақты көлем индексі – 99,6%, немесе өнім көлемі 187,7 млрд теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 34,9 млрд теңгені немесе нақты көлем индексі – 118,1% құрады.

«Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау» саласында 5,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 2020 жылдың сәйкес кезеңіне 110,3% құрады.

Аса маңызды өнімдердің ішінде ұн – 9,8% (139,5 мың тонна), төсек жаймалар – 1,5 есе (11,5 мың дана), жылу қуаты – 29,8% (283,9 мың гкал) артты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT