+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Түркістан облысында ирандық компания фармацевтикалық зауыт салады

2019 жылғы 14 ақпан 05:29
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында ирандық компания фармацевтикалық зауыт салады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Иран елінің инвесторлармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген мәртебелі меймандар ТМД елдері арасындағы сапарын Қазақстаннан бастап отыр. Компания зерттеуге инвестиция салу, сондай-ақ кадрларды дайындауда саласына мән береді. Фармацевтика саласында 54 түрлі дәрі-дәрмек шығарады.

Бүгінгі күні қызметкерлердің 30 пайызы докторлық, магистратура және фармакология саласындағы мамандар болып табылады. Олар ғылыми-зерттеу, дамыту және сапаны бақылаумен айналысады. Niak фармацевтикалық компаниясы соңғы GMP стандарттарына сәйкес №2 зауытты дамытуды жоспарлап отыр.

«Мен Сіздердің бұл бастамаларыңызды толық қолдаймын. Маңызды қадам жасалып жатқандығы анық. Сондықтан жұмысқа еш алаңсыз кірісулеріңізге болады. Сіздер үшін индустриялдық аймақты дайындаймыз. Еуропа одаңының нарығына шығудың да тиімді тұстарын атап кетуге болады. Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Арменияға өндірілген дәрілерді еш кедергісіз жеткізесіздер. Бұл шамамен 200 млн халыққа жол тартады деген сөз. Экономикалық аймақ ретінде өзімізде де жеңілдіктер қарастырылған. Кеден бекеттерінен қиындықтар болмайды. Сондықтан белсенді түрде білек түре іске кірісуге шақырамын», - деді Ж.Түймебаев.

Өз кезегінде, Иран инвесторлары аймақ басшысына ризашылығын білдірді. Кездесуде екі жақты мемарандумға қол қойылды. Мәртебелі меймандар Түркістанмен сауда-экономикалық байланыстарының одан әрі нығаюына ниетті екенін жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT