+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Түркістан облысында инклюзивті білім беру орталығы ашылды

2019 жылғы 29 қараша 15:52
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында инклюзивті білім беру орталығы ашылды

ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының Төлеби ауданында алғаш рет «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында жүкті әйел қар құрсауынан құтқарылды Алматы облысында қар құрсауынан 15 адам құтқарылды Павлодар облысында көлігі бұзылып, далада қалған жүргізуші құтқарылды

Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысты.

Онда ерекше балалар мен олардың отбасы үшін дефектолог, психолог, логопед, физиотерапевт, массажист, тифлопедагог сияқты мамандар тегін көмек береді. Әр орталықта ерекше білім беруді қажет ететін 300-ден астам бала жиналған.

Түркістан облысы әкімдігінің, «Дара» қайырымдылық қоры мен «Байсат» ЖШС-нің қолдауымен ашылған «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің» жұмысымен танысқан облыс басшылығы мұндай орталықтардың маңыздылығын ерекше атап өтті.

«Әр бала әртүрлі қабілетімен ерекшеленеді. Әр бала дарынды. Осы орайда баланың дарындалығын ары қарай дамыту мақсатында барлық жағдай жасалуы тиіс. Дарынды балалармен жұмыс істейтін ұстаздар олардың жанын түсіне білгенде нәтижесі де көп күттірмейді. Оқушының өзіндік табиғи қасиеттері мен қабілеттерін дамытып, оқыту үлкен жұмыс. Алдағы уақытта мұндай ерекше балалармен жұмыс істейтін орталықтарды көптеп ашу жоспарда бар», – деді орталық жұмысымен танысқан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Бұл орталық мүмкіндігі шектеулі балалардың адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, олардың өмірге деген құштарлық сезімін ояту, ой-өрістері мен ойлау қабілеттерін жетілдіріп, толыққанды азамат дәрежесіне жеткізу мақсатында жұмыс жасайды. Мекеме заманауи үлгідегі арнайы құрылғылармен толық жабдықталған. Қазіргі таңда Төлеби ауданында ерекше оқытуды қажет ететін 1130 бала бар. Ерекше балалармен жұмыс істейтін орталықтар Түркістан қаласы мен Келес аудандарында да ашылған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT