Түркістан облысында инфекциялық стационарлар қайтадан жабылып жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында коронавирус жұқтырған науқастар саны азайып, инфекциялық стационарлар қайтадан жабылып жатыр. Бүгінде өңірдегі инфекциялық төсек-орындар саны 3600-ден 2000-ға қысқарып, жүктемесі 33 % құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инфекциялық бөлімшелер Мақтаарал, Ордабасы, Түлкібас, Созақ аудандарында жабылды. Себебі, науқастар саны азайып келе жатыр. Ал, Түркістан қаласындағы ХҚТУ клиникасы жабылып, ондағы науқастар қалалық орталық ауруханаға жатқызылып жатыр»,- дейді облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Алтын Досанова.

Айта кетейік, соңғы тәулікте COVID-19 індетінің 34 жағдайы тіркеліп, тәуліктік өсім 0.25 % құраған болатын. Сондай-ақ, екпе егу басталғалы бері 800 мыңнан астам адам вакцина салдырған. Бұл вакцина алуға қабілетті тұрғындардың 87% құрайды. Осылайша Түркістан облысы коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан елімізде көш бастап тұр. Ал, екпенің екінші компонентін 600 мыңнан астам адам қабылдаған. ІІ кезең бойынша вакцинациялау қамту пайызы - 67,8%. Қазір облыс аумағында 141 екпе қабылдау пункттері жұмыс істеп тұр.

Ордабасыда жабылды, Түлкібаста жабылды. Созақта жабылды инфекционный госпиталь. Науқастар азайып келе жатыр. Түркістан қаласында МКТУ клиникасы жабылып, қалалық орталық ауруханаға науқастар сол жаққа жатқызылып жатыр.

Соңғы жаңалықтар