+7 (701) 759 90 19
USD 387.16 EUR 428.47
RUB 6.08 CNY 55.13
Jańalyqtar

Түркістан облысында халықтық кеңсе ашылды

2019 жылғы 24 мамыр 06:12
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында халықтық кеңсе ашылды

КЕЛЕС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Келес ауданындағы полиция жанынан халықтық кеңсе ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін дәл осындай кеңсі үш ай бұрын облыстық Полиция департаментінің жанынан ашылған болатын. Бұл өз кезегінде азаматтар үшін тиімділігін, кері байланыс жасау мүмкіндігін беріп, нәтижесін көрсетті. Құқық қорғау органы басшылығы осы бастаманы одан әрі дамытып, іске асыру мақсатында өңір бойынша алғаш рет жаңадан құрылған Келес ауданында ашып отыр.

Аталған нысан толығымен компьютерлік техникалармен және жиһаздармен, қазіргі заманның талабына сәйкес жабдықталған. Онда азаматтарды қабылдауға барлық жағдай жасалып, бейнебақылау жүйесі тартылған. Мұнда Келес ауданының 150 мыңға жуық тұрғыны өз мәселелерін шешіп, мамандардан түсіндірмелер мен кеңестерін ала алады.

Қабылданған арыздар бойынша жауаптар беріліп, уақытылы шешімін табатын болады. Азаматтар тарапынан қойылған арыз-сауалдарған аудандық ПД-нен бастап, жергілікті полиция қызметінің, әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері мен анықтаушылар, тергеушілер және көші-қон қызметі тобының мамандары жауап беретін болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Түркістан облысы, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT