Түркістан облысында газ, су, электр энергиясы мәселелері шешімін тапқан – Өмірзақ Шөкеев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жыл соңына дейін 1 млн 340 мың халық табиғи газды қосуға мүмкіндік алады. Бұл туралы өңір әкімі Өмірзақ Шөкеев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен жетістік – газ, су, электр энергиясы секілді жүйелі мәселелер шешімін тауып, тәуелділіктен арылуымыз болды. Жеке сектор дамыды, өнеркәсіптің құрылымы өзгерді, біз білетін қиын экономикалық кезең артта қалды», - деді Ө. Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Өңір әкімі оңтүстік өңірді табиғи газбен қамтуға мүмкіндік беретін Бейнеу-Бозой-Шымкент магистральді газ құбыры салынғанын атап өтті.

«Бұл құбыр жалпы импорттық газ тәуелділігінен біржола арылтты. Осы газ құбыры арқасында тек қана Қытай мемлекетіне газ экспорттау емес, жалпы өзіміздің ішкі сұранымызды қанағаттандыруға мүмкіндік берді. 240 елдімекен газ тұтынады. Алдағы уақытта тағы 290 ауылды газға қосу жоспарланып отыр», - деді Ө. Шөкеев.

Табиғи газбен қамту бойынша 2021 жылы 89 нысанның құрылысына 14,4 млрд теңге бөлініп, оның ішінде 29 нысан пайдалануға беріледі. Жыл қорытындысында 448 елдімекен немесе 1 млн 340 мың халық табиғи газды қосуға мүмкіндік алады.

Алдағы 5 жылда қосымша 299 елдімекен табиғи газға қосылып, қамту деңгейі 85,6%-ға жеткізіледі.

Бұған дейін Ө. Шөкеев Тәуелсіздік жылдары Түркістан облысында іске асырылған маңызды жобалар туралы айтқан еді.


Соңғы жаңалықтар