+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 454.18
RUB 5.81 CNY 57.66
Jańalyqtar

Түркістан облысында есірткі саудалаған ерлі-зайыптылар 15 жылға сотталуы мүмкін

2020 жылғы 3 наурыз 19:25
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында есірткі саудалаған ерлі-зайыптылар  15 жылға сотталуы мүмкін

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында марихуана сатумен айналысқан ерлі-зайыптылар ұсталды. Күдіктілердің үйін тінту кезінде есірткі салынған 20-дан астам сіріңке қорабы табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Криминалдық полиция басқармасына Түркістан қаласының тұрғындары есірткі сатумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түскен. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары есірткі затын өткізді деген күдікпен облыс орталығының тұрғындарын ұстаған. Белгілі болғандай, ер адам мен оның жұбайы ұзақ уақыт бойы марихуана сатумен айналысып келген. Сот-криминалистикалық сараптамасына сәйкес, тәркіленген есірткі заты жалпы салмағы 100 грамм болатын кептірілген марихуана болып шықты.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен «Есірткілік және жүйкеге әсер ететін заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» бойынша тіркелді.

Күдіктілер қамауға алынып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясына сәйкес, күдікті жұп есірткіні сақтау және өткізу үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін» делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT