Түркістан облысында есірткі сақтаған зейнеткер сотталды

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында есірткі заттарын сақтаған қарияға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күдікті Қылмыстық кодекстің 296-бабында көзделген «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі заттарын сақтаған қарияны ұстаған болатын.

«Жедел уәкілдер шұғыл іздестіру шаралары барысында Келес ауданы ауылдарының бірінде»Приора» автокөлігін тоқтатты. Полиция қызметкерлері тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған пакетті тапты. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Қорытындыға сәйкес, тәркіленген есірткі жалпы салмағы 1 келіден асатын»көкнәр«болып шықты. Егде жастағы ер адам бұл әрекетін мойындап, есірткіні өзі тұтынуы үшін сақтағанын жеткізді» - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сот үкімімен сотталушыға 3 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар