+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Түркістан облысында ерікті ұстаздар 91 мыңнан астам бетперде тігіп таратты

2020 жылғы 31 наурыз 13:17
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында ерікті ұстаздар 91 мыңнан астам бетперде тігіп таратты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында ұстаздар қолдан 91 мыңнан аса медициналық бетперде тігіп шықты. Медициналық маскалар өңірдегі ауылдар мен қалалардың тұрғындарына, әлеуметтік аз қамтылған отбасылары мен дәріханаларға, мектеп қызметкерлері мен оқушыларға тегін таратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл игі іске облыс көлемінде жалпы 1980 оқытушы өз еріктерімен қатысқан. Соның бірі Кентау қаласындағы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Арыстанбекова. Ол қоғамға қауіпті індеттің таралуы кезінде дәріханаларда бетперделердің жетіспеушілігі алаңдатқанын және сол үшін бетперде тігу ісіне белсене атсалысқанын айтты.

«Осындай қиын шақта біз бірігуіміз керек. Өзімізді ғана ойламай жақындарымызды, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға да қамқорлық танытқанымыз дұрыс. Осы ретте бетперденің жетіспеушілігін білген соң ұжымастарымызбен ақылдасып, бетперде тігуді қолға алдық. Ел басына күн туған кезде қол қусырып отырмай, тығырықтан шығудың жолдарын ойластырып, оны іске асыру әрбір жанның азаматтық борышы деп білеміз», – деді Айгүл Арыстанбекова.

Айта кетейік, аталған білім ордасының қызметкерлері 22-30 наурыз аралығында өз еріктерімен кезекшілікке түсіп, бір күнде шамамен 2-2,5 мың дана бетпердеден тіккен. Мұндай ерікті ұстаздардың игі бастамаларын естіген қала тұрғындары да өз үйлерінде бетперде тігіп мыңға тарта бетпердені ортақ қорға қосқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT