Түркістан облысында ер адам зейнеткер әйелді тірідей өртеп жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кісі өлтіру оқиғасы Шымкенттен небары 30 шақырым жерде орналасқан Сайрам ауданында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат OTYRAR сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы полиция департаментінен хабарланғандай, ер адамдар арасында жанжал шығып, бірі екіншісін соққыға жыққан. Осыдан кейін ер адам мас күйінде өзін ұрған еркектің үйіне барып, аулаға кіріп, үйдің терезесін сындырды. Осы кезде үйден егде жастағы әйел шықты. Мас ер адам оның үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.

Жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті де ұсталды.

Олардың біріне қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен ол кепілге ақша төлеумен босатылды.

Екіншісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

«Арнайы экспертизалар тағайындалды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға тұрмыстық сипатта болған», - деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаментінен.



Соңғы жаңалықтар