Түркістан облысында ер адам көшеде қару ұстап жүрген

None
None
КЕЛЕС. ҚазАқпарат – Түркістан облысында көшеде жүрген екі ер адамнан қару табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиғалардың бірі Келес ауданында болған. Аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі Рамазан Шалқар «Қару» рейді аясындағы кезекшілігі барысында автотұрақтардың бірінен қолында қаруға ұқсас заты бар жас жігітті көрген.

«Бірден әрекет еткен полицей, тексеру кезінде тұрғыннан «МР-371» маркалы тапанша қаруын анықтап, айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Содан оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырды. Аталған деректі Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабымен («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») тіркеді», - деді Түркістан облыстық Полиция департаментінен.

Күдікті жергілікті тұрғын болып шықты. Мал бағумен айналысатын ол, қаруды қырдан тауып алғанын жеткізген. Сараптама тағайындалды. Ер адамға қатысты «қолхат алу» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Осыған ұқсас тағы бір жайт Абай ауылы көшелерінің бірінде болды.

«Профилактикалық жұмыс жасап, қызметте жүрген жедел уәкіл Мұрат Жанәділов, көше бойында күдік тудырған ер адамды тоқтатқан. Тексеру кезінде оның қол сөмкесінен газды тапанша табылып, тәркіленіп алынады. Бұл жайт ҚР ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігімен тіркеуге алынып, тергеп-тексеру амалдары басталды», - делінген баспасөз хабараламасында.

Полицейлер оның қаруды не үшін сақтағанын, басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Оған қатысты «келу туралы міндеттемеде» бұлтартпау шарасы қолданылды.


Соңғы жаңалықтар