+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Түркістан облысында экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында тренинг өтті

2020 жылғы 30 қараша 22:42
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында тренинг өтті

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында тренинг өтті. Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен семинарға облыс көлеміндегі орта мектептерде дінтану пәнінен сабақ беретін 800-ден астам мұғалім қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұстаздардың біліктілігін көтеру мақсатында өткен «Діни қатынастар саласындағы радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру» семинары онлайн режимде өтті.

Мұғалімдердің рухани жаңғыру аясында діни сауаттылығы мен олардың біліктіліктерін арттыруға бағытталған бұл тренинг - олардың дәстүрлі құндылықтарды насихаттауында да маңызды рөлге ие болады.

Іс-шара барысында белгілі ғалымдар мен теолог мамандардың лекциялары тыңдалып (Д.Кенжетай - филосифия және теология ғ.д., профессор, М.Халықов - «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-і директорының орынбасары, дінтанушы, М.Ташимов «Инновациялық білім беру орталығы» директорының орынбасары, дінтанушы-теолог), діни ахуалды жақсарту тетіктері қаралды.Семинар қорытындысында дінді деструктивті мақсатта пайдаланушы топтардың теріс идеологияларына тосқауыл қою арқылы қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру жөнінде тиісті бағыт-бағдар берілді.Аталған тренинг облыс өңірінде бірінші рет өткізілгеніне орай мектеп мұғалімдері оны оңды нәтиже ретінде қабылдап, алдағы уақытта да жиі өткізуді және оқушылар арасында да осы тренингке ұқсас семинарлар өткізу сияқты бірнеше ұсыныстар айтты. Сонымен қатар ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету мақсатында «Діни экстремизм мен терроризмнің және кереғар ағымдардың қоғамға зияны» тақырыбында 860 кітапшалар шығарылып, мұғалімдерге таратылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT