Түркістан облысында екі жұмысшы жанармайдан уланып, ауруханаға түсті

Фото: None
ҚАЗЫҒҰРТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының өрт сөндірушілері жанар-жағармай сақтауға арналған жертөледегі екі азаматқа көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 мамырда «112» қызметіне шұғыл хабар түскен.

Оған сенсек, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сарапхана ауыл округінде Алматы-Термез автожолының 757-шақырымында «Жанойл» жанармай құю стансасында екі адам зардап шеккен.

Стансаның жанар-жағармай материалдары цистернасын сақтауға арналған жертөлесінде 1959 және 1987 жылы туған екі жұмысшы тазарту жұмысын жүргізіп жатқанда мұнай өнімінің буынан уланғаны анықталды.

Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен 9 қызметкер мен 3 техника, полиция департаментінен 5 қызметкер, бір техника жетті.

Олар зардап шеккен екі азаматты құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Қазіргі таңда уланған екі азамат дәрігерлердің бақылауында.



Соңғы жаңалықтар