Түркістан облысында екі жүк көлігінен коронавирусты емдеуге арналған дәрілер тәркіленді

None
None

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында Ресейден Өзбекстанға кетіп бара жатқан екі жүк көлігінен коронавирус індетін емдеуде қолданылатын құжаттары жоқ дәрі-дәрмектер мен оттегі концентраторлары тәркіленді.

2020 жылғы 1 тамызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Атамекен» және «Қазығұрт» кеден бекеттерінде шекара қызметімен бірлесіп отырып, Ресей Федерациясынан Өзбекстан Республикасына бағыт алған «Volvo» және «MAN» маркалы 2 жүк көлігін кедендік бақылаудан өткізу барысында жүк тасымалдау құжаттарында көрсетілмеген «Respiro», «DEDAKJ», Medical oxygen concentrator «AERTI», «Armed» 7F-3L», «Oxygen concеntrator» және «Plusmed-KN01» маркаларындағы 7 дана оттегі концентраторын анықтады.

Бұл жабдық пневмония және коронавирус инфекциясы бар науқастарды емдеуде белсенді қолданылатын препараттар.

«Аталған факті департаменттің АЕК тіркеліп, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 181-бабы, 2 б. сәйкес (қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар) әкімшілік жауапқа тарту туралы мәселені қарастыру үшін Түркістан облысы бойынша Мемлекетік кірістер департаментіне жіберілді»,-делінген ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар