Түркістан облысында екі мектеп пайдалануға берілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында Түркістан облысында екі білім ордасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округі, Тың елді мекенінде 300 орындық жаңа мектеп ғимараты оқушыларды қабылдауға әзір.

Білім ұясы соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен қамтылған.

Екі қабатты, бірнеше блоктан тұратын ғимаратта оқу сыныптары, спорт залы, кітапхана, асхана, медициналық кабинет, компьютерлік сынып және тағы басқа кабинеттер бар.

Ал, Бәйдібек ауданы Мыңбұлақ ауылдық округі Бестоғай ауылында 100 орындық мектептің құрылысы аяқталды.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған елді мекенге арнайы барып, білім ұясын қадағалаудан өткізді.

Қазіргі таңда сыртқы абаттандыру, қоршау жұмыстары аяқталып, терезесі орнатылған.

Сыртқы қасбеті орнатылып, іші әрленген. Мектеп оқушыларды қабылдауға дайын.

Заманауи білім ұясын аралап көрген өңір басшысы мектептің жан-жағын абаттандыру жөнінде тапсырма берді.

Сондай-ақ, Түркістан өңірінде 78 мектептің құрылысы қолға алынып, отыздан астамы ел игілігіне берілгеніне тоқталып, шалғайдағы елді мекендерді сапалы мектептермен қамту жұмысы жалғасатынын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар