Түркістан облысында екі мақта өңдеу зауыты салынып жатыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 6 млрд теңгеден астам қаражатқа екі мақта өңдеу зауыты салынып жатыр. Шардара ауданында орналасқан екі кәсіпорынды іске қосу осы қараша, желтоқсан айларының соңына жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«TURKISTAN INVEST» инвестициялық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, зауыттардың бірін салуға инвесторлар 5 миллиард 475 миллион теңге қаражат салды.

Нысанның жалпы аумағы - 13 гектар. 250-300 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорыннның өндірістік қуаты жылына 150 мың тоннаға жетеді. Дайын өнім толықтай Қытай еліне тасымалданады. Бүгінгі күні мұнда өндірістік ғимараттардың құрылысы жүргізілуде. Нысанға қажетті жабдықтар мен техника жеткізілген.

Ал, екінші зауыттың құрылысын қаржыландыру өзбекстандық инвестициялар есебінен жүргізілуде. Жобалық құны 890 млн теңге болатын нысан «Шардара» индустриялдық аймағында 10 гектар жерге салынуда. Өндірістік қуаттылығы 50 мың тонна болатын зауытта 50 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Бұл компанияның өнімдері де Қытайға экспортталмақ. 

null 

Соңғы жаңалықтар