Түркістан облысында екі баласымен анасы газдан уланып көз жұмды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында анасы мен екі баласы газдан уланып көз жұмды. Қайғылы жағдай бүгін Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылында орын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық газ таратушы мекеменің мәліметінше, үш адамның иістен уланып қалғанын көршілері байқап қалған. Сөйтіп жедел-жәрдем қызметін шақырған.

«Жедел жәрдем бригадасы ауылдағы үйлерінің біріне келгенде 1973 жылғы әйел мен 2006 және 2009 жылы екі баланың өлгенін анықтаған. Газ қызметінің авариялық бригадасы оқиға орнына келді. Мамандар үйдегі мұржаны орнатуда бірқатар кемшілік жіберілгенін анықтады. Екі контурлы жылу қазандығының түтін шығаратын құбыры (гофра) қабырға арқылы көшеге шығарылған. Сондай-ақ, тексеру кезінде түтін шығатын құбыр екі контурлы жылыту қазандығынан ажырап қалғаны және қазандықтың желдеткіші талапқа сай орнатылмағаны анықталды», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда қайғылы жағдай бойынша бірқатар тексеру жүргізіліп, қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Анасы мен екі баласының қандай жағдайда қайтыс болғаны тиісті сараптама қортындысы шыққан соң анықталатын болады. 

Соңғы жаңалықтар