Түркістан облысында екі бала мен екі ересек адам коронавирустан жазылып шықты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында тағы 4 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай штабы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық штабтың мәліметінше, ауруынан айыққандар арасында екі бүлдіршін де бар.

«Мақтаарал ауданындағы Атакент ауылының 1991 және 1998 жылы туған тұрғындаыр мен 2017 және 2019 жылы туған қос бүлдіршін дертінен құлан-таза айығып, отбасыларына оралды. Бұл науқастар Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы пойызбен келген жетісайлық науқастың жақын туыстары. Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша дерттен айыққан азаматтар саны 11 адамға жетті» делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар