+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Түркістан облысында екі аудан қуаңшылықтың зардабын тартып отырған батысқа шөп жіберді

2021 жылғы 14 шілде 14:41
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында екі аудан қуаңшылықтың зардабын тартып отырған батысқа шөп жіберді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысында қуаңшылыққа тап болған шаруаларға бұған дейін мақтааралдықтар - 1 вагон, Жетісай ауданының тұрғындары - 74 тонна пресс шөп жөнелткен болатын. Батыстық ағайынға көмек көрсетуді енді шардаралықтар мен Қазығұрт ауданының тұрғындары жалғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шардара ауданының Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің азаматтары шығынға ұшыраған шаруаларға жүк көлігімен 1000 дана орам шөп жөнелтті.

Сауабы мол іске С. Әбдіраманов бастаған ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты және «Шағалалы Шардара» қайырымдылық қорының мүшелері атсалысқан.

Шардаралық жомарт жандардың сөзінше, жиналмаған пресс шөбі әлі көп. Алдағы уақытта оларды тағы да жіберу жоспарланып отыр.

Өз кезегінде Қазығұрт ауданының белсенді азаматтары да Құрмет Талапқазының бастамасына қолдау білдірді.

Батыс облыстарындағы қуаңшылыққа байланысты Майлыошақ елді мекенінің шаруа қожалық иелері мен ауыл тұрғындары көмек ретінде жоңышқа, шөп, сабан жинап Қызылорда облысына жіберді.

Осылайша, қиындыққа тап болған батыс өңірінің жұртшылығына Түркістан облысының шаруалары қолдан келгенше жәрдем беруде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT