USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Түркістан облысында егістік судың шығыны 200 млн текше метрге азайтылады

2021 жылғы 1 маусым 12:07
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында егістік судың шығыны 200 млн текше метрге азайтылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында егістік судың жылдық шығыны 200 млн текше метрге азайтылады. Ол үшін суармалы алқаптардың арықтары жөндеуден өтіп, 1,9 мың шақырым канал күрделі жөндеуден өтуі керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысының блокбекеттерінде 863 заңбұзушылық тіркелді Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде 850-ден астам құқық бұзушылық анықталды Алматы трагедиясы: Тәртіпсіздікке қатысқан қылмыстық топ Түркістан облысында ұсталды

Экология, геология және табиғи рерсурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында Түркістан облысының эологиясын жақсарту жоспарын ұсынды.

«Суармалы алқаптарды қалпына келтіру арқылы 62 мың гектардан астам алаңды сумен қамтамасыз ету жақсартылады. Ұзындығы 1,9 мың шақырым болатын канал реконструкцияланады. Жыл сайын суармалы судың шығыны 200 млн текше метрге азаяды. Бұл ауыл шауарышылығы өнімдерінің көлемін 40 млрд теңге жеткізіп, 12 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», - деді министр.

Сондай-ақ, ол облыс Түркістан қаласын жасыл белдеумен қоршау үшін 2019 жылдан бері 3,8 млн текше көшет егілгенін атады.

«Түркістан қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін облыс әкімдігімен бірге 2019 жылдан бастап қаланың айналасында 7,7 мың гектар алаңда жасыл белдеу құру жұмысы жүріп жатыр. Оның ішінде екі жылда 4,7 мың гектар алаңда 3,8 млн көшет егілді», - деді Мағзұм Мырзағалиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT