Түркістан облысында егістік алқабына жұмысқа кеткен қыз із-түзсіз жоғалған

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жоғалған бойжеткен бірнеше күннен кейін Алматы қаласынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 20 жастағы қызы таңғы уақытта егістік алқабына жұмыс істеуге кетіп, 2 күннен бері табылмай жатқанын айтқан. Ұялы телефоны өшірулі.

Аталған жайтты тіркеуге алған жетісайлық полицейлер бірден жедел әрекетке кіріскен.

«Көрген-білгендерден жауап алып, қыздың суретін көрсетіп, жақын аймақтағы полицейлерге де бағытнама берілді. Қыздың достары мен баруы мүмкін жерлер тыңғылықты тексерілді. Полицейлердің күні-түні үзіліссіз жұмысының нәтижесінде қыз Алматы қаласынан табылды. Полицейлер жас қызды отбасына дін-аман қайтарды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, із-түзсіз жоғалған қыз ауылдағы табысын азсынып, Алматы қаласына жұмысқа кеткен. Онда жалдамалы пәтерге орнығып, қаладағы дәмханалардың біріне жұмысқа орналасқан. Ата-анасы өзге қалаға кетуге рұқсат бермейтінін ойлаған бойжеткен оларға хабарын бермеген.

Қыздың анасы полицейлерге ризашылығын жеткізгенін айта кетейік.


Соңғы жаңалықтар