Түркістан облысында дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында дін істері басқармасының басшысы тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен бұл қызметті Рүстем Сабыржанұлы атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов басқармасының жаңа басшысын ұжымға таныстырды.

Рүстем Сабыржанұлы 1979 жылы Түркістан облысында туған. Білімі жоғары. Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, Алматы экономикалық университетін және Халықаралық гуманитарлық техникалық университетін тәмамдаған.

Мамандықтары – экономика және құқық негіздері; мемлекеттік және жергілікті басқару; құқықтану. Еңбек жолын 2001 жылы Леңгір қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2002-2019 жылдары Леңгір қаласы әкімі аппаратының бас маманы, сектор басшысы қызметтерінде болған.

2019-2022 жылдар аралығында Түркістан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, бас инспекторы, қызметтерін атқарып келген.


Соңғы жаңалықтар