+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Түркістан облысында дезинфекцияны дұрыс жасауды үйретуде

2020 жылғы 27 наурыз 11:06
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында дезинфекцияны дұрыс жасауды үйретуде

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында COVID-19 вирусына қарсы және індеттің алдын алу мақсатында дезинфекциялау жұмыстарын жүргізу бойынша оқыту сабақтары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда коронавирус анықталған адам Қызылордадан келген Атырауда 600-ден астам дәрігер коронавирус жұқтырғандарды емдеп жатыр БҚО-да карантин режимін бұзған тұрғын ұсталды

Өңірлік коммуникациялар қызметінен мәлім еткендей, сондай шараның бірін «Ұлттық сараптама орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы», Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» және «Ақпараттық талдау орталығы» КММ бірлесіп ұйымдастырды.

Сабақ түрінде өткен шараға аталған орталықтардың қызметкерлері мен ерікті жастар қатысты. Ондағы мақсат – мекеме қызметкерлерін санитарлық-эпидемиологиялық және дезинфекциялық режимде жұмыс істеуге бейімдеу.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста дезинфекциялау шаралары күнделікті бақыланып, атқарылған жұмыстар ақпаратық ситуациялық орталыққа жолдануда.
Қазірге дейін адамдар көп шоғырланатын 2481 нысанда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 29 базар, 23 халыққа қызмет көрсету орталығы, 498 сауда орталығы, 181 тамақтану нысаны, 304 жалпы білім беретін мектеп, 19 интернат, 614 мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу мекемесі бар. Сондай-ақ, 3 балалар үйі, 29 орта және жоғары оқу орны, 285 емдеу алдын алу мекемесі, 5 оңалту орталығы, 135 дәріхана, 28 автовокзал, 85 діни мешіт, 39 монша, 45 шаштараз, 6 саябақ, 6 мал базары, 323 қоғамдық көлік дезинфекциялаудан өтті.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT