Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды 104,8 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды 104,8 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асхат Бейсенбаевтың сөзінше, жаңа жүйені енгізу шараларын қоса алғанда денсаулық сақтау саласының бюджет көлемі 2020 жылы ел бойынша 1 561,4 млрд теңгені құрайды.

«Бұл қаражаттың 573 млрд теңгесі – МӘМС аударымдары болып табылады. Қаржыландырудың жалпы көлемі 2019 жылғы деңгейден 52%-ға артады. Түркістан облысы бойынша 2020 жылы 104,8 млрд теңге көлемінде қаржыландыру жоспарлануда. Бұл 2019 жылғы бюджетпен салыстырғанда 1,4 есе жоғары. Сондай-ақ, ТМККК аясында – 66,9 млрд теңге, МӘМС аясында – 37,9 млрд теңге бөлінеді», - деді А.Бейсенбаев.

Айта кетейік, жыл басынан бері еліміздегі медициналық ұйымдарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ тарапынан 761 млрд теңге төленді. Тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі шеңберінде бөлінген қаржы жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін бөлініп отыр.

Соңғы жаңалықтар