Түркістан облысында «Дені сау ұрпақ - Мәңгілік елдің кепілі» атты шара өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ерекше "Дені сау ұрпақ - Мәңгілік елдің кепілі" атты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Халықаралық балаларды қорғау күніне" орай барлық аудан-қалалық медициналық мекемелерінде ұйымдастырылған шараға мыңға тарта халық қатысты.

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі бастамасымен және "Жол картасы" аясында өткізілген фестиваль Түркістан қалалық орталық емханасында қорытындыланды. Халық арасында медициналық сауаттылықты арттыру мен алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету негіздерін үйрету мақсатында ұйымдастырылған шараға облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев, ата-аналар мен балалары қатысты. null

Акция барысында ашық асқан астында шатырлар құрылып, тағамдар көрмесі ел назарына ұсынылады. Сурет салу мен әр түрлі ойындардан ерекше сайыстар ұйымдастырылып, 3-18 жас аралығындағы балалар қатысты. Бас-аяғы 15-ке жуық команда жасақталып, өзара мықтыны анықтады. Байқау талаптары бойынша аналар мен дәрігерлер балаларды дұрыс тамақтандыру ережелері бойынша кеңестер беруден сайысты.null

Сондай- ақ, балалар мен жүкті әйелдер және жас аналардың қауіпті жағдайларда тығырықтан шығу жолдарына қатысты сауат ашу сайысы өтті. Бұдан бөлек, ақ халаттылар отбасын жоспарлау мен босануға дайындық, серіктестік босану жолы мен жаңа туған нәрестенің үй жағдайындағы күтімі, температуралық тізбек пен акушерлік және педиатриядағы қиын жағдайларда шұғыл көмек көрсету, цифрландыру және онлайн тіркеу кестесі көпшілік бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Сайыста бірнеше номинация бойынша үздіктер анықталып, оларға Түркістан облыстық «DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асхат Ақылбеков бағалы сыйлықтар табыстады. Бас жүлдені жеңіп алған Ордабасы аудандық ауруханасы мен Түркістан қалалық емханасы бас дәрігерлерінің орынбасарларына шипажайға жолдамалар берілді. Сонымен қатар демеушілер тарапынан 100-ден астам бала мен жүкті және босанған әйелдерге де әртүрлі сыйлықтар тарту етілді. Шара соңында флешмоб ұйымдастырылып, концерттік бағдарламаға ұласты.

null

null null null null

Соңғы жаңалықтар