Түркістан облысында дәстүрлі қызғалдақ фестивалі басталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы Шұбайқызыл шоқысында жылдағы дәстүрге сай қызғалдақ фестивалі басталды. «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы!» атты шара Түлкібас ауданындағы Қаратау мен Алатаудың түйіскен тұсында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фестивальдің ашылу салтанатында сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев аталған шараның маңызына тоқталып өтті.null

«Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында Қазақстан алма мен қызғалдақтың Отаны екенін айтты. Тіпті, қызғалдақ Қазақ даласынан Еуропа елдеріне Ұлы Жібек жолы арқылы жетті деген дерек бар. Бұл - біз үшін мақтаныш әрі үлкен жауапкершілік. Бүгінгі іс-шараның мақсаты - қоршаған ортаны, соның ішінде қызғалдақты қорғауға шақыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы туған жерді түлету, туризм мен тарихи орындарды насихаттау бағытындағы міндеттерді орындау. Ендеше сұлулықтың символындай қызғалдақтарымыз мәңгі құлпырып, Түркістан облысы гүлдене берсін!»,- деді Мәлік Отарбаев.
null

Дәстүрлі шара барысында «Шұбайқызыл - Қызғалдақтың Отаны» театрландырылған қойылымы мен «Шұбайқызыл Қызғалдағым» сазды-хореографиялық көріністері қойылды. Фестиваль аясында «Шұрайлым, Шұбайқызылым» атты жас қаламгерлер мен композиторлардың байқауы жаңа форматта өткізіліп, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Сондай-ақ, «Ұлы дала ұраны - Қызғалдақ фестивалі» табиғатты қорғаушылар шеруі өтіп, «Табиғат сақшылары» атты облыс аймағындағы мемлекеттік қорықтардың көрмесі ұйымдастырылды. Шараға қатысқан қауым сонымен қатар «Қызғалдақ сарайы» облыстық суретшілер көрмесін тамашалап, «Шұбайқызыл» шоқысына жалпыхалықтық саяхатқа шықты.
null null

Айта кетейік, Шұбайқызыл шоқысы еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген Грейг қызғалдағы ең көп өсетін аумақ саналады. Бұл қызғалдақтар Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек өңірлеріндегі таулы аумақтарда кездеседі. Жылына бір рет небәрі 10-15 күн ғана гүлдейтін қызғалдақтар тіршілік жаңарған шақта 15-20 гектардай жерді алып жатқан алқап қызыл кілемге оранғандай әсем түрге енеді. 2018 жылдан бастап осынау қызғалдақты дәріптеп, кейінгі ұрпаққа бар маңызын жеткізу мақсатында «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы!» атты қызғалдақ фестивалін өткізу дәстүрге айналып отыр.null

null

Соңғы жаңалықтар