+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 385.16 EUR 425.95
RUB 6.01 CNY 54.51
Jańalyqtar

Түркістан облысында дәрігердің жолдамасы арқылы емханада емделетіндер көбейген

2019 жылғы 18 тамыз 08:30
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында дәрігердің жолдамасы арқылы емханада емделетіндер көбейген

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында дәрігердің жолдамасы арқылы емханада емделетіндер көбейген, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасқөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда трансфузиялық медицина бойынша халықаралық конференция өтеді СҚО-да  JCI әлемдік стандартына сай алғашқы аурухана салынады Қасым-Жомарт Тоқаев ғалым-нейрохирург Серік Ақшолақовты қабылдады

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы Мониторинг бөлімінің басшысы Ғалима Төреханованың мәліметінше, 459 науқас медициналық көрсетілімсіз ауруханаға жатқан болса, 527 науқастың мәліметі ақпараттық жүйеге дұрыс енгізілмеген. Сонымен қатар, емдеу диагностикалық шараларының стандартқа сәйкес келмеуі бойынша 1 780 жағдай анықталған», делінген хабарламада.

Жалпы, Түркістан облысында 18 медициналық ұйым стационарлық көмек бойынша, 26 стационарды алмастыратын қызметтерді көрсетеді. Оның ішінде, 6-ауы гемодиализдік қызмет, 21 амбулаторлық-емханалық көмек және 18 консультативтік –диагностикалық көмекті көрсетеді. Биылғы жылдың осы кезеңіне дейін стационарда 8 6151 науқас тәулік бойы емделген. Бұл көрсеткіш алдағы жылдарға қарағанда азайғаның көрсетті.

Айта кетерлігі, емделушілердің басым бөлігін артериялық гипертензия, асқынулары бар артериялық гипертензия, асқынусыз қант диабеті, қант диабетінің асқынулары, жоғары тыныс алу жолдарының жіті респираторлық инфекциясына шалдыққан науқастар құрайды.

Әсіресі, Ордабасы, Сайрам және Жетісай аудандық ауруханаларда стационарлық көмекке жүгінген науқастар саны азайған. Сондай-ақ, бастапқы медициналық санитарлық көмек арқылы науқастарды іріктеуде Отырар, Бәйдібек, Шардара, Қазығұрт аудандық орталық ауруханаларында жүйелі жұмыс жүргізілген. Есесіне, Ордабасы, Сарыағаш, Жетісай аудандық ауруханаларында шұғыл емдеуге жатқызылғандар саны басым болып отыр.

«Стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін қызмет көрсетуші медициналық мекеменің жұмысын күн сайын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы бақылап отырады. Медициналық қызметтердің көлемі мен сапасына мониторинг электронды ақпараттық жүйелерде жүргізіледі. Ал, емханалық-амбулаторлық көмек, жедел медициналық жәрдем, әлеуметтік-медициналық көмек (туберкулез, наркология, психиатрия, ВИЧ/СПИД), патолого-анатомиялық диагностика, қан және оның құрамдас бөліктерін даярлау қызметін көрсететіндерге қызмет берушіге шығып мониторинг жүргізіледі. Мониторинг бөлімінің тексеру нәтижесінде емхана дәрігерінің жолдамасы арқылы емделушілер саны көбейген, науқастардың өз бетінше емделуі және тәуліктік стационарда медициналық көмек алушылар азайған», – дейді, Ғ.Төреханова.

Болашақта медициналық көмектің сапасы клиникамен келісімшартқа отырарда назарға алынатын болады. Медициналық сақтандыру қоры науқастың мүддесі үшін медициналық көмекті сатып алатындықтан олардың құқығын білуі мен заңсыз жағдайларды тұрақты хабарлайтын болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT