+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Түркістан облысында дәрі-дәрмекті қымбаттатып сатудың 19 фактісі анықталды

2020 жылғы 15 шілде 17:11
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында дәрі-дәрмекті қымбаттатып сатудың 19 фактісі анықталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының полицейлері карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмекті жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен тұрғындарды анықтау мақсатында арнайы рейд жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус инфекциясын емдеу хаттамасына өзгеріс енгізілді 1 млн науқасты қамтамасыз ететін дәрі-дәрмек сатып алынған СК-Фармация COVID-19-ды емдейтін дәрі-дәрмектің 91 түрін сатып алған

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 5 шілдеден бастап осындай 19 жайтты тіркеген. Атап айтқанда, Жетісай мен Төлеби аудандарында белгіленбеген орында дәрі-дәрмек сату бойынша 4 факті анықталған.

Сондай-ақ, дәріханада қымбат бағамен дәрі-дәрмек сатудың 15 жайты тіркелген. Осы заңбұзушылықтарға қатысты хаттама толтырылып, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне 17 жайт бойынша құжаттар жолданған.

Айғақ ретінде 1500-ге жуық дәрі-дәрмек пен 4982 дана бетперде, 10 дана қолғап алынған.

Тәркіленген дәрілердің арасында «Цефтриаксон», «Нол Грипп», «Кетанов», «Тетрациклин», «Платимазол», «Димедрол», «Мезим», «Тайлол хот», «аскорбин қышқылы» және басқа препараттар бар.

Ал, Төлеби ауданындағы дәріхананың сатушысы «азитромицин», «аспирин» «парацетомол», «ксон» мен «мезим форте» дәрілерін қымбат бағамен сату барысында ұсталған.

Ол өз түсініктемесінде жеке басының пайдасы үшін аталған дәрілерге үстеме ақша қосып сатқанын жеткізді.

Бұл жайт Төлебиде тіркеліп, заңдылығын тексеру үшін тиісті басқармаға жолданған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT