+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

Түркістан облысында бұрынғы шенеунік пара алу күдігіне ілікті

2019 жылғы 22 қазан 16:22
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында бұрынғы шенеунік пара алу күдігіне ілікті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәйдібек ауданы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы пара алды деп күдіктелуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінде ардагерлер кеңесі құрылды IMD рейтингі: Кәсіпкерлер екінші жыл қатарынан елімізде жемқорлықтың азайғанын растап отыр

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Бәйдібек ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сектор меңгерушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Ол әкімдіктің «Жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы лауазымын атқарған мерзімде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді.

«Аталған лауазым иесі 2019 жылдың қыркүйек айында жайылым үшін жер учаскесін бөлгені үшін азаматтан бұрын алынған 400 мың теңге мөлшерінде параны қайтару кезінде әшкереленген. Күдіктінің және оның қорғаушысының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу жүргізу туралы өтінішхатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», - делінген хабарламада.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT