Түркістан облысында бүгін екі бірдей кейуана 100 жасқа толды

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысының қос тұрғыны бүгін 100 жасқа толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Сайрам ауданының тұрғыны Балтажан Рахманқұлова 100 жасқа толды.

Кейуана соғыс жылдарында егіс алқаптарында тракторис болып еңбек еткен. Отанасы міндетін қоса атқарып, 7 баладан 80 немере мен 4 шөпшек сүйіп отыр.

Ақ жаулықты ананы арнайы құттықтаған «Аманат» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ғасыр куәгерінің иығына орамал жауып, құшағын гүлге толтырды.

«Жалпы көпбалалы аналарға деген құрмет бөлек. Әр баланың бой түзеп, адам боп қалыптасуында ананың бейнеті мен зейнеті жатыр. Егде тартқан шағында үлкен құрметті қажет етпейді. Жылы сөздің өзіне жандары жадырайды. Ол көздеріндегі қуаныштан анық аңғарылып тұр. Аналарымыз әрдайым күліп жүрсін»,-деді ол.

Келес ауданының тұрғыны Қатира Нанабекова да бүгін күні 100 жасқа толған мерейтойын ұл-қыздарымен бірге атап өтті.

Бүгінде өнегелі әулеттің шамшырағы болған ақ жаулықты ана бейнетпен өткен ғұмырының зейнетіне бөленіп, ұрпақтарының алдында бақытты өмір кешіп келеді.

Тылда тер төгіп, еңбек еткен ол өмірге әкелген 4 перзентінен 15 немере 52 шөбере сүйіп отыр.

Сондай-ақ, сарыағаштық Жадыра Кескенбаева 10 наурызда 102 жасқа толған туған күнін тойлайды.

Қарт ана 7 ұл-қызды дүниеге әкелген. Қазіргі таңда 35 немере мен 82 шөбересі, 4 шөпшегі бар.



Соңғы жаңалықтар