Түркістан облысында бүгін де жауын жауып, өзендерде су деңгейі көтеріледі

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай министрлігінің бөлімшелері түні бойы су сору және инертті материалы бар қапшықтарды төсеу жұмысын жалғастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен қатар, «Қазгидромет» РМК дерегінше, 3 ақпан Түркістан облысының көп бөлігінде жауын-шашын жауады, сондай-ақ температура жоғарылап, қар қарқынды ериді.

Еріген қар суынан ағын пайда болады, мұз әлсіреп, өзендердегі су деңгейі көтеріледі.

Еске сала кетейік, өңірдегі Кентау, Түркістан қалаларында және Бәйдібек, Сауран, Ордабасы аудандарында жауын-шашыннан көшелер мен аулаларды су басып жатқанын хабарлаған едік.


Тасқын су Сауран ауданындағы елді мекендерге қауіп төндіріп тұр. Су тасқынына байланысты Сауранда мектеп оқушылары онлайн оқуға көшті және 7 балабақша жұмысын тоқтатты.

Түркістан облысының үш ауданында 6 көшені су басқан.

Өңірде көлігімен тасқын су ортасында қалып қойған тұрғындар құтқарылды. Түркістан облысының әкімі тасқын су кірген елді мекен тұрғындарымен кездесті.

Біз сондай-ақ Кентау қаласы мен Сауран ауданында төтенше жағдай жариялануы мүмкін екенін жаздық.

4 елді мекенде су бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр, тұрғындар үшін «жедел желі» іске қосылды.

Соңғы жаңалықтар