Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.01 eur/kzt 490.15

    rub/kzt 7.81 cny/kzt 70.64
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Түркістан облысында биылдыққа үшінші үшем дүниеге келді

2022 жылғы 15 маусым 14:21

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат- Түркістан облысында жыл басынан бері үшінші үшем дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төлеби ауданы Леңгір қаласының 36 жастағы тұрғыны Ақбота Құдайбергенова екі қыз, бір ұл босанды.

Жаңа туған нәрестелерге Ақжүрек, Ақниет, Қасиет есімдері берілді.

Сәбилер бүгінге дейін периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауында болған. Қазір ана мен нәрестенің жағдайы бірқалыпты.

Отағасы Темірбек Тәжиев құрылыс саласында еңбек етсе, отанасы Ақбота Құдайбергенова мектепке дейінгі білім беру мекемесінде жұмыс істейді.

Бұған дейін екі ұл мен бір қызы бар отбасы бірден 6 балалы болып, қуанышқа кенеліп отыр.

Айта кетейік, екі күн бұрын Түркістан облысында 23 жастаға ана үшем босанған болатын. Үш қызға Раяна, Разия, Райхана есімі берілді.


Автор:

Қайрат Зайнишев

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары