Түркістан облысында биыл 30 мыңнан астам оқушы мектеп бітіреді

None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында биыл 30 266 түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 23 865 бала ҰБТ тапсыруға өтініш берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысында 998 орта білім беру ұйымы бар. Оның 907 - мемлекеттік болса, 91 - жекеменшік.

Өңірдегі жалпы оқушы саны - 515 079.

Мыңға жуық мектептің 844-і ауылдарда орналасқан. Ал, қалаға тиеселі білім ордаларының саны - 154.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасынан алынған мәліметке сүйенсек, 2022-2023 оқу жылында облыс бойынша 11-сыныпты 30 266 түлек бітіреді.

Оның 1416 түлегі «Алтын белгіге» үміткер болса, 2355-і «Үздік аттестат» алуға үміттеніп отыр.

Жалпы өңірдегі Түркістан мен Сарыағаш қалаларында және Жетісай, Созақ, Сайрам аудандарында «USTUDY» тестілеу орталықтары орналасқан.

ҰБТ-ға дайындық мақсатында ондағы 12 аудиторияда 600 компьютерлік орын дайындалған.

Сондай-ақ, өңірде 45 742 оқушы 9-сынып бітіреді. Оның 4082-і «Үздік аттестатқа» үміткер.


Соңғы жаңалықтар