Түркістан облысында биыл 23 мектеп пайдалануға берілмек

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында биыл 23 мектеп пайдалануға берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысында 2019-2024 жылдар аралығында 55 мыңнан астам оқушыға арналаған 184 мектеп салынады. Қазіргі уақытта 20 мың орындық 68 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілсе, 37 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді. Тағы 16 мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сондай-ақ қалған 63 мектепте тиісті жұмыстар жүруде.

«Биылғы жылдың соңына дейін 23 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде, апатты деп танылған 3 мектептің және үш ауысымды 2 мектептің мәселесі шешіледі», делінген хабарламада.

Айта кетейік, 68 мектептің 27-сы жаңа құрылыс, 41-і 2017-2018 жылдары салына бастаған.

Соңғы жаңалықтар