+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Түркістан облысында бірнеше автовокзал уақытша жабылды

2020 жылғы 26 наурыз 00:45
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында бірнеше автовокзал уақытша жабылды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданаралық бағыттағы рейстің тең жартысы қысқартылып, өңірдегі бірнеше автовокзалдың жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда маска талап еткен автобус жүргізушісін соққыға жыққан бұзақы ұсталды Елордада қоғамдық көлік 13 сәуірге дейін жүрмейді Алматы облысында әуежай, автовокзалдардың жұмысы тоқтатылады

Атап айтқанда, жолаушылар көп шоғырланатын 4 автовокзалда: (Леңгір қаласындағы «Тау жұлдызы», Жібек жолы елді мекеніндегі «Дархан», Түркістан қаласындағы «Түркістан орталық», «Яссы») және 9 автобекеттің (Кентау қаласындағы «Транзит сервис», Арыс қаласындағы «Арыс», Сарыағаш ауданы Жібек жолы елді мекеніндегі «Сайран Жібек жолы», Сарыағаш қаласындағы «Сарыағаш», «Сау бол», Отырар ауданы Шәуілдір елді мекеніндегі «Нәлібек», Жетісай қаласындағы «Жаз», Түркістан қаласындағы «Мерей», «Алтын орда») қызметтері төтенше жағдай режімі аяқталғанша уақытша тоқтатылды.

Мамандардың айтуынша, облыста аталған қауіпті инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында өңір тұрғындарына сақтық шараларына мұқият болып, гигиеналық талаптарды сақтауға және мүмкіндігінше қоғамдық көлікпен сапарға шықпаған жөн.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT