+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Түркістан облысында бір жасар сәби коронавирус жұқтырды

2020 жылғы 3 сәуір 21:18
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында бір жасар сәби коронавирус жұқтырды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімдігі бүгін коронавирус жұқтырған адамдар туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысында 3 сәуір күнгі соңғы ақпаратқа сәйкес, коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам тіркелді. Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 19 адам тіркелген.

1992 жылы туған науқас Сайрам ауданы, Қосбұлақ ауылының тумасы Біріккен Араб Әмірлігінен келген азаматпен байланыста болған.

1991 жылы туған азаматша мен 2019 жылы туған нәресте Нұр-Сұлтаннан пойызбен келген азаматшамен жақын байланыста болған.

Қазіргі таңда 10 науқас - Жетісай ауданында, Кентау қаласында - 2 адам, Арыс қаласы - 1, Мақтаарал -3, Ордабасы - 1 және Сайрам ауданында - 2 адамнан тіркелді.

Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.

Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда. Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмысы жүргізіліп жатыр.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT