Түркістан облысында бір үйір жылқыны ұрлаған барымташылар ұсталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Созақ ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші ер азаматтың айтуынша жайылымдық алқапта жүрген 7 бас жылқысын түнгі уақытта белгісіз біреулер ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 3 000 000 теңгеге жуық.

Аталған дерек ҚК 188-1-бабы, яғни «Мал ұрлығы» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді.

Ақпарат алысымен Созақ ауданы ПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына жетті. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтар мен жайылымдарды аралап, куәлерден жауап алды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері мал ұрлығын жасағандардың ізіне шығып, үш күдікті ер азаматты ұстады. Олардың барлығы Бәйдібек ауданының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, олар оңай жолмен ақша табуды көздеп,

өзара сөз байласқан. Содан соң түнгі сағат 04:00 шамасында жайылымда жүрген 7 жылқыны Бәйдібек ауданындағы күдіктінің бірінің қорасына айдап барған.

Таң атысымен жылқыларды Бәйдібектік тұрғынның біріне сатып жіберген. Ал ақшасын бөлісіп, бас пайдаларының қажеттілігіне жұмсаған.


Соңғы жаңалықтар