USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Түркістан облысында бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 101 жағдайы тіркелді

2021 жылғы 23 шілде 18:08
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 101 жағдайы тіркелді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында соңғы тәулікте COVID-19-індетінің 101 жағдайы расталып, тәуліктік өсім 1,18 % құраған. Өңірде пандемия басталғалы індет жұқтырудың 8622 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Еліміздің бірқатар өңірінде инфекциялық ауруханаға түскен тұрғындар саны артты Ажар Ғиният коронавирус өршіп тұрған өңірлерді атады Соңғы аптада коронавируспен сырқаттану 1,5 есе өсті - Үкімет отырысы

Бүгінде Түркістан облысы «сары» аймақта тұр. Қазір инфекциялық стационарларда 2020 орын бар. Оның 901-і бос тұр.

Сондай-ақ, бүгінге дейін 875 448 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 3442 адам тексерілген.

Айта кетейік, облыстағы мекемелерде 8 оттегі станциясы, 400 ӨЖЖ аппараты, мыңнан аса оттегі аппараты бар.

Сондай-ақ, 2 айға жететін дәрі-дәрмек қоры жасақталған, 40-тан астам дәрі қоймасы мен 800-дей дәріхана бар.

Сонымен қатар, өңірде вакцинация қарқынды жүріп жатыр. Облыста өз еркімен 526 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы екпе қабылдаған. Екінші компонентпен 339 151 адам вакцина салдырған.

Ал, кейінгі тәулікте 5 515 бірінші компонентпен болса, екінші рет 8 433 адам екпе қабылдаған. COVID-19-ға қарсы вакцинациялау 128 екпе салдыру пункттерінде жүргізілуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT