Түркістан облысында бір тәулікте 300-ге жуық жол ережесі бұзылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының полицейлері «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 300-ге жуық жол ережесін бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жолдар бойында орын алатын апатты азайту мен жол қозғалысы ережелерін сақтаудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шара жылдың 10-17 қазан күндері аралығында Түркістан облысының барлық аумағында өтеді деп жоспарланған.

Аталған шара барысында жергілікті полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде қоғамдық автокөлік жүргізушілерімен жасалған 284 жол қауіпсіздік ережесін бұзғандарды анықтады. Оның ішінде жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 5 жәйті анықталды.

Одан бөлек полицейлер рөлде отырып, ұялы телефонды пайдаланғаны үшін 49 жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ, жылдамдықты арттырғаны үшін – 31 және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін – 18 көлік жүргізушілерін жазалады. Бұдан өзге рейдтік іс-шара барысында жүк салғыштармен жүктерді және жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзудың 20 жайтын тіркеген.

«Облыс аумағында заңсыз қайта жабдықтаудың 12 дерегі, міндетті техникалық байқаудан өтпеудің 23 жайты, рейс алдындағы ТҚК және медициналық байқаудан өтпеудің 3 жайты анықталған.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліксіз автокөлікті басқарудың 20 дерегі тіркелген. Реид нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтардың барлық жайттары бойынша полиция қызметкерлері тарапынан әкімшілік хаттамалар толтырды» делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар