Түркістан облысында бір тәулікте 2,5 мыңға жуық адам коронавирусқа тест тапсырды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Соңғы апта ішінде Түркістан облысында коронавирус жұқтырғандар саны өскен. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде өңірдегі инфекциялық стационарларда 6 науқас Covid-19 инфекциясынан және 28 адам вирусты пневманиядан ем қабылдауда. Зертханаларда өткен тәулікте 2 233 адам коронавирустық инфекцияға сынама тапсырған.
«Екеуінен оң нәтиже шықты. Бүгінгі таңға облыста тест қалдығы 76 763-ті құрайды. Жалпы, Түркістан облысында пандемия басталғалы бері COVID-19 індетін жұқтырған 3 461 науқас тіркелген. Жазылып шыққандар саны 3 378. Індеттің ықтимал екінші толқынына дайындық мақсатында өңірде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы үздіксіз жабдықталуда»,-деді Марат Пашимов.
Облыста тағы 8 ауруханада қосымша оттегі станциялары орнатылған. Сондай-ақ, 80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Бұдан бөлек, оттегі концентраторларының саны 900-ге жеткізіліп, оттегі нүктелерінің саны 2 095 нүктеге дейін арттырылған. Барлық емдеу мекемелерінде 2-3 айлық дәрі-дәрмек қоры дайын. Жедел-жәрдем қызметіне 122 автокөлік қамтамасыз ету жоспарланып, бүгінгі күнге 77 автокөлік жеткізілді.
- Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 3,5 миллионнан асты
- Балалар, коронавирус және дәрі-дәрмек: ӘМСҚ халықты толғандырған сұрақтарға жауап берді
- Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шаралары ұзартылды
- Қаулы жаңартылды: Нұр-Сұлтан қаласында жексенбі күні қоғамдық көлік жүрмейді
-
Қаулы жаңартылды: Елордада демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейтін болды
-
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам