+7 (701) 759 90 19
USD 421.98 EUR 511.61
RUB 5.61 CNY 65.27
Jańalyqtar

Түркістан облысында туристер мінген автобус қар құрсауында қалды

2020 жылғы 5 желтоқсан 17:41
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында туристер мінген автобус қар құрсауында қалды

БӘЙДІБЕК. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында қар құрсауында қалған туристерге көмек көрсетілді. 29 адамнан тұратын туристер тобы Ақмешіт шатқалында «Yutong» автобусымен тұрып қалған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін 112 басқару пультіне күндізгі сағат 15:00 шамасында туристерге көмек керектігі туралы хабарлама түскен. Оқиға орына ТЖД мен «SPiASR» мекемесінің 4 қызметкері арнайы техникамен, «LEB» 4 қызметкері 1 техникамен шыққан.

«Туристер тұрып қалған жерге грейдер көлігі жіберіліп, күндізгі сағат 16:25-те автобус қар үйіндісінен шығарылды. Олар өз бағыттарымен ары қарай жүріп кетті. Оқиға орнында зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Александр Цой есімді азамат Facebookтегі парақшасында Бәйдібек ауданындағы Ақмешіт тау шатқалы маңында 29 туристің автобуспен қар құрсауында қалғанын жазған болатын. Өзі де сол автобуспен саяхаттап жүргенін айтқан ол жергілікті төтенше жағдай қызметін үш сағат бойы күтіп тұрғанын жеткізген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT