Түркістан облысында базарлардан контрафактілі дискілер тәркіленді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында полицейлер «Контрафакт» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, контрафактілі дискілерді заңсыз саудалаудың жолын кесті. Базарлардан контрафактілі өнімдері бар 400-ден астам дискі мен электронды тасығыштарды, сондай-ақ порнографиялық өнімдері бар дискілерді тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, рейдтік шара барысында 11 қылмыс анықталған. Оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу жайты мен порнографиялық материалдарды тарату дерегі тіркелген. Мәселен, Кентау қаласының полицейлері қалалық базарлардың бірінде порнографиялық материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан ер адамды ұстады. Күдіктіден айғақты заттар тәркіленіп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, Қазығұрт ауданындағы жергілікті базарлардың бірінде 170-тен астам контрафактілі дискі алынды. Тағы 30-дан астам контрафактілік дискілерді Мақтарал ауданының полицейлері орталық базарда сатылып жатқан жерінен тапқан.

«Аталған деректер ҚР ҚК-нің 198-бабы «Авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар