Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды
2022 жылғы 14 қаңтар 10:30

Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында бәйшешек бүр жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бәйдібек ауданындағы Боралдай тауының аймағында бәйшешек бүр жарды. Бұл туралы ақпаратты «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы КММ Боралдай филиалының директоры Бақытжан Қырықбай есімді тұрғын әлеуметтік желіге жариялады. Суреттерін орналастырып, көпшіліктен сүйінші сұрады.

Ал, пікір білдіруші оқырмандар бұл жаңалықты жақсылыққа балап отыр. Мәселен, Абай Жүндібаев есімді азамат, «Еліміз жаңа дәуірді бастағалы тұр. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайды деген аңыздар енді келгелі тұр» - деп жазды.

Ал, Айгүл Шернияздан есімді желі қолданушысы дендросаябақта магнолия бүршік жарғанын жеткізді.

Жалпы тұрғындар мен желі қолданушылары елдегі қиын қыстау сәтте бәйшешектің бүр жарғанын жақсылыққа балап отыр.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT