+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Түркістан облысында батыр аналар әулеті тұрады

2021 жылғы 18 қыркүйек 09:54
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында батыр аналар әулеті тұрады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат -Түркістан облысында енесі де, келіні де, қыздары да көпбалалы отбасы тұрады. Жетісай ауданына қарасты Жылысу ауылындағы Сүттібаевтар отбасын ауыл жұрты көпке үлгілі жанұя ретінде жақсы таниды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл 80-ге келген отанасы Зәуре әже 13 құрсақ көтеріп, 11 баланы тәрбиелеп жеткізген.

Батыр ананың қыздары мен келіндері қарт ананың жолын қуған. Сондықтан бұл отбасы ауыл ішінде ерекше құрметке бөленген.

Шаңырақтың ұйытқысы болған Зәуре әже бұл әулетке 15 жасында келін болып түскенін айтады.

Алайда отағасы үйдің жалғыз баласы болғандықтан, перзенттерінің көп болғанын армандаған.

Жас кезінде ата-енесіне де қарап, ерінің де жағдайын жасап, бала-шағасын да бағып, бәріне үлгеруге тырысқан. Өзі ата-анасыз жетім өскендіктен жастайынан бейнетті де көп көрген.

Балаларының кейбірін үйде босанса, біреуін ат арбаның үстінде, қалғандарын перзентханаға жұмыстан жаяу барып босанған екен.

«Кішкентайымнан келіп қара жұмыс істедім. Жаяу келіп егіз де тудым, жалқы да тудым. Құдайдың берген 13 баласын тудым, соның 11 бар. Әуелі Алла, одан кейін ата-енемнің арқасында жеттім бәріне. Қызым деуші еді мені. Бір балам екеу болды деп, мынау бала өмірге келген жылап та алды. Мен әр босанған сайын қуанатын. Сөйтім жүріп өсіп-өндік»,- дейді батыр ана.

«Алма ағашынан алысқа түспейді» демекші, бұл әулеттің қыздары мен келіндері де қарияның жолын жалғап, көпбалалы отбасына айналған.

Зәуре әже қазір бес қыз, алты баласынан 75 немере мен 26 шөбере, 6 шөпшек сүйіп отыр. Қолындағы кіші келіні Сапаркүл де көпбалалы ана атанған.

«Бұл әулетке алтыншы келін болып түстім. Алдымда 6 абысыным, бес қайынағам бар. Сол кісілердің жолымен, ең алдымен енемнің тәрбиесін алып келемін. Үйреткендерін өмірімде пайдаланып, қолданып келемін. Енемнің ақылы - үлкен мектеп. Той-томалақ болса, бір тойдың қызметін өзіміз-ақ атқарып тастаймыз»,- дейді Сапаркүл Шорабекова.

Айта кетейік, Жетісай ауданында Сүттібаевтар әулеті сияқты 16 мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрады.

Оның ішінде 18 жасқа дейінгі баласы бар аналардың саны - 8 мыңға жуық.

Бұдан бөлек, 369 батыр ана, 1700-ге жуық алтын, 5 мыңнан аса күміс алқа иегерлері бар. Ал, 749 ана 1,2 дәрежелі Ана Даңқы ордендерімен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT