Түркістан облысында бас дәрігерлер арасында алғаш рет арнайы тренинг өтті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында бас дәрігерлер арасында алғаш рет арнайы тренинг өтті. Онда жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделін енгізу жайы үйретілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың тапсырмасымен ұйымдастырылған тәжірибе сабақтары Түркістан қалалық емханасында өткізілді. Тренинг барысында бастапқы медициналық санитарлық көмек енгізілген медициналық мекемелердің бас дәрігерлері мен олардың орынбасарларына ерте жастағы балалардың денсаулығын ата-аналар мен ортаның әлеуетімен тығыз байланыста қорғау және нығайту жағы түсіндірілді.


Ұйымдастырушы - облыс бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің үйлестірушісі Жанар Оспанова. Шарада халықаралық жаттықтырушы, ЮНИСЕФ сарапшысы Баян Бабаева арнайы жаттығулар көрсетті. Аудиториялық жұмыстар барысында теориялық зерттеу мен интерактивті презентациялар ұсынылды.

Тәжірибе бөлімінде тренингтермен қатар ситуациялық есептер және проблемалық тапсырмаларды шешу қарастырылған. Емханаларда бағдарлама модульдері бойынша клиникалық тәжірибе көрсетіліп, тәжірибелік дағдыларды бекіту және туындаған проблемаларды талдау әрекеттері қолданылды.



Соңғы жаңалықтар