Түркістан облысында барлық бағыттағы жолдар ашылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында барлық бағыттағы жолдар ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаевтың айтуынша, өңірде үзілген электр желілері қалпына келтірілген. Сөйтіп 30-дан аса елді мекендегі тұрғындарға жарық берілген. Десе де кешегі қатты боранның салдарынан әлі де Түркістан қаласы мен Бәйдібек, Созақ, Сайрам және Төлеби аудандарындағы 25 елді мекенде 5 мыңға жуық абонент жарықсыз отыр. Апат салдарын жоюға жарыққа жауапты мекеменің 11 бригадасындағы 50-ге жуық маман мен 12 арнайы техникасы жұмылдырылған. Жолда қалған жеңіл және жүк көліктерінің жүргізушілеріне де тиісті көмектер берілген. Алайда ауа райын болжайтын мекеме мамандарының хабарлауынша алдағы күндері өңірде тағы да ауа райы өзгеруі мүмкін. Сондықтан мамандар жүргізушілер мен жолаушыларға жолға шыққанда абай болуды ескертеді.


«18 қараша күні түнде де Түркістан облысының тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын, жаңбыр, қар, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтілуде. Облыстың басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 метр секунд, облыстың таулы аудандарында 23-28 сек, ал таулардағы асуларда 30 метр сек дейін жетуі ықтимал», - дейді Ерік Сарыбаев.
Соңғы жаңалықтар