Түркістан облысында балалар шығармашылығының республикалық марафоны басталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында «Jas Túrkіstan-2019» балалар шығармашылығының республикалық марафоны басталды. Ауқымды шараға еліміздегі жетекші балалар мен жасөспірімдер басылымдарының бас редакторлары мен ақындар, жазушылар мен драматургтер, анимация және аударма саласының өкілдері мен журналистер, телеарна және сайт жетекшілері қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған жиында балалар әдебиеті мен аудармасы, журналистика мен анимация саласы жөнінде баяндамалар жасалды. Әлеуметтік желілердегі балалар психологиясы және өзге де мәселелер талқыланды. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев сөз алып, аталған шараның маңызына тоқталды.

«Бала тәбиесі қашанда басты назардан тыс қалған емес. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, балалардың тәрбиесімен қатар, балалар шығармашылығының дамуына мән беріп отырамыз. Біздің өңірде мыңға тарта білім ұялары мен колледждер бар. Онда балаларды жан-жақты дамыту, сан салаға бейімдеу мәселелесіне көңіл бөлініп отыр. Дегенмен, балаларымыздың болашағы, оларға қандай тәрбие беріуміз керек деген мәселелер қоғамда өзектілігін жоғалтпайды. Сондықтан бүгінгі шараның маңызы зор»,- деді Мәлік Отарбаев.null

Жиында, сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер басылымдарының «Жас өркен» ЖШС бас директоры Жүсіпбек Қорғасбек пен «Балапан» телеарнасының бас продюсері Сандуғаш Баймаханқызы, Talbesik.kz сайтының бас редакторы Азамат Битан мен «Сақ» киностудиясының директоры Нұриддин Пәттеев, «Балдырған» журналының бас редакторы Дүйсенбек Мағлұмовтар өзекті мәселеге қатысты өз пікірлерін ортаға салды. Балалар әдебиеті мен басылымдары, анимациясы, поэзиясы және балақайлар мен жеткіншектерге арналған сайттарды дамыту мәселелерін қозғады.

Сонымен бірге, бала психологиясы мен оны жат пиғылды ақпараттардан қорғау, сапалы дүние ұсыну жолдары да айтылды. Марафон аясында түрлі жанрлар бойынша секциялық отырыстар өткізіліп, жас ұрпақты ізгілікке және мейірімділікке, шығармашылық пен отаншылдыққа тәрбиелеу жолдары жөнінде пікірлер ортаға салынды. Осы салада жүрген мамандар ой қозғады.

null

Соңғы жаңалықтар