Түркістан облысында балалар қауіпсіздігіне арналған шаралар өтіп жатыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен балалар қауіпсіздігіне арналған шаралар өтіп жатыр. Департамент қызметкерлері бір ай көлемінде азаматтық қорғау саласындағы біліктілікті насихаттап, оқушыларға қауіпті жағдайда өзін-өзі ұстау ережелерін үйретпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік ТЖД бастығының орынбасары Рауан Өсербаевтың сөзінше, аталған шара 30 наурызға дейін барлық аудан, қалаларда жалғасады.

«Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының қарарына сәйкес, көктемнің алғашқы күні 1 наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғаныс күні болып бекітілген. Бұл бойынша Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті тарапынан арнайы жоспар әзірленген. Қазіргі таңда облыстағы барлық білім ұяларында және мектепке дейінгі білім мекемелерінде айлық іс-шаралар өткізілуде. Түрлі апаттардан қорғануда бұл жұмыстардың пайдасы мол», - деді Рауан Өсербаев.

null

Азаматтық қорғанысты нығайтуға бағытталған шарада оқушылар эстафета, интерактивті сабақтар және сейсмикалық жаттығуларға қатысып, техникалар мен авариялық құтқару құралдарының көрмесімен танысуда.

Интерактивті сабақта балалар азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі және жалпы азаматтық қорғау саласындағы көптеген жаңашылдықтарды үйреніп жатыр. Эстафета кезінде оқушылар өрт қауіпсіздігі, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс, азаматтық қорғау салаларындағы білімдерін, спорттық қабілеттерін көрсетуде. Яғни, өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану, жарақат алған адамға бірінші көмек көрсету, газқағарды қолдану сияқты эстафетаның сынақтарынан өтуде.

Сондай-ақ, жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекетті жетілдіру мақсатында мектеп мұғалімдері мен оқушыларына сейсмикалық жаттығулар өткізілді. Онда апат кезінде мектеп ғимаратынан адамдарды көшіру, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету іс-әрекеттерін пысықтады.

null

Соңғы жаңалықтар